Қырғызстаннан Қазақстанға 600 мыңнан астам жұмыртқа кері қайтарылды

1 273

Фото: Paryz.kzҚазақстаннан Қырғызстанға 600 мыңнан астам тауық жұмыртқасы заңсыз тасымалданғаны белігілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Қырғыз Республикасының Су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап. 


Қырғызстанда "Ақ-Тілек" шекаралық ветеринарлық бақылау бекетінің инспекторлары Қазақстаннан елге заңсыз 626 400 дана тауық жұмыртқасы әкелінгенін анықтады, делінген ведомствоның ресми сайтында. Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің 6 маусымдағы қаулысы бойынша елге тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша шектеу енгізілген. 

"Инспекторлар тиісті қайтару актісін жасап, жүк "Ақ-Тілек" бақылау пункті арқылы Қазақстан Республикасына кері қайтарылды", - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.