Марқұм болған азаматтың шотынан 1 миллиард теңге ұрламақшы болған
Алматыда екі алаяқ марқұм болған азаматтың банк шотынан бір миллиард теңге ұрламақ болған. Бақилық болған азаматтың әйелі мән-жайды дер кезінде ұққан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұм болған алматылықтың қарызы бар екенін айтқан ер мен әйел сотқа арызданған. Олар сотта жалған құжат жасап, жеңіске жеткен. Осыдан кейін жеке сот орындаушысы сот шешімі негізінде өзінің есепшотына марқұмның банк шотында сақталған 1 млрд теңгені аударып алған. Бұл қаражат негізінде талап қоюшыларға берілуі керек болған.
Алаяқтардың бұл әрекетін дер кезінде біліп қойған марқұмның әйелі бұл істі тексеруді қолына алған.
Осылайша алаяқтар түрлі мерзімге сотталды. Апелляциялық сот заңды күшіне енген үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Қаз
Рус






