Мас жүргізуші трактормен жол апатына ұшырады: бір адам қаза тапты

1 564

Фото: Pixabay.kzАқтөбе облысы Қарғалы ауданындағы шаруа қожалығында жұмысшылар трактормен ішімдік алуға бармақ болған. Салдарынан қайғылы жағдай болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Түнге қарай ферма слесары жұмысшымен бірге көрші ауылға ішімдік алу үшін баруды шешкен. Түнгі сағат екіде Ақтөбе-Орск тасжолындағы Әлімбет ауылының маңында трактор шұңқырға түсіп кеткен. Жүргізуші есінен танып қалыпты. Трактордың жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты.


Марқұмның анасы сотта ұлы шаруа қожалығына жұмысқа енді ғана орналасқанын, ал келесі күні оның қайтыс болғанын білгенін айтты. Алайда ол жол апатына кінәліні кешірді.

Сот айыпталушыны 2 жылға бас бостандығынан және 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.