Қадыров қадірі кеткен азамат - Мұрат Бақтиярұлы

315

Фото. Сенат депутатыСенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Қазақстан туралы жазбасына жауап берді.

Ол Nartay Aralbayuli арнасына берген сұхбатында Қадыровтың сандырақтап кеткенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.


Қадыров та қадірі кеткен азаматтардың бірі. Ол тікелей Ресей Федерациясының немесе Путиннің ақшаға ұстап отырғаны адамы. Рамзанның өз елінде де жаулары көп. Мұны Шешенстан басшысының сандырағы деп түсінемін,— дейді Мұрат Бақтиярұлы.


Бұған дейін Рамзан Қадыров Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдеріне бейнеүндеу жасап, олардың Украинадағы оқиғаға қатысты ұстанымын айтуды сұраған.


Ресей Қазақстанды құтқарды. Армения мен Әзірбайжан арасында соғыс болған кезде Путин басты рөл атқарды. Қазақстан егемендігінен айырыла жаздаған кезде кім көмектесті? Ресей. Ешкімнен қорықпады,— деген болатын Қадыров.



Мұрат Бақтиярұлы Қазақстан ҰҚШҰ-дан көмек сұрағанда сәл асығыстық танытқанымызды айтты. Бірақ бұл жерде Президентке ақпарат дұрыс жеткізілмеді деп отыр.