Қадыров қадірі кеткен азамат - Мұрат Бақтиярұлы
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Қазақстан туралы жазбасына жауап берді.
Ол Nartay Aralbayuli арнасына берген сұхбатында Қадыровтың сандырақтап кеткенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұған дейін Рамзан Қадыров Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдеріне бейнеүндеу жасап, олардың Украинадағы оқиғаға қатысты ұстанымын айтуды сұраған.
Мұрат Бақтиярұлы Қазақстан ҰҚШҰ-дан көмек сұрағанда сәл асығыстық танытқанымызды айтты. Бірақ бұл жерде Президентке ақпарат дұрыс жеткізілмеді деп отыр.
Читайте также

Қаз
Рус





