"Ақша табу керек" - ауыл әкімі Porsche көлігін сатып алған

93

Солтүстік Қазақстан облысы Астраханка ауылының әкімі алып-сатарлықпен шұғылдану үшін Porsche көлігін сатып алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Журналист Асхат Ниязовтың сөзінше, СҚО-дағы Астраханка ауылына келгенде әкімдік алдында ақ түсті Porsche көлігі тұрған, кейін көлік өзгеріп кетіпті.  


Бастапқыда ауыл әкімі "ескі Porsche" көлігі әпкесі екеуіне ортақ екенін айтса, кейін көлікті жөндеп, қайта сату үшін алғанын мәлімдеді. 


"Алматыда 5 миллион теңгеге алдым, ал нарықтағы бағасы 8 миллион теңге. Егер химиялық тазалау жасап, қозғалтқышын жөндесем, қымбатқа сатуға болады деп ойлаймын. Көлікті жөндеп, сату үшін ғана алғанмын. Ақша табу керек", – деді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.