Зюганов, Жириновскийлерді 2070 жылға дейін Қазақстанға кіргізбеу керек - А.Сарым
319
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ресей Коммунистік партиясының басшысы Геннадий Зюгановтың Қазақстан туралы мәлімдемесіне жауап берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Ол Қазақстан туралы арандату мақсатында сөйлеп жүргендерді 50 жылға дейін елге кіргізуге шектеу қою керек деп отыр.
Қазақстанға кіруге тыйым салу керек. Бірақ бұл санкция емес. Мұны Сыртқы істер министрлігі шешеді. Мысалы, мен 2070 жылға дейін Қазақстанға кіре алмайды деген шектеу қояр едім,— дейді Айдос Сарым.
Ол осы ретте ресми билік жағдайды ушықтыруға еш қақысы жоқ деп отыр.
Мысалы, біздің ресми тұлғалардың сөзі бөлек есептеледі. Азаматтық қоғамның пікірі бөлек есептеледі. Ресейдің депутаттары осындай мәлімдеме жасады ма? Біздің депутаттар жауап берді. Сондықтан мәселе осымен тәмәм болуы керек— дейді депутат.
Бұған дейін Ресей Коммунистік партиясының басшысы Геннадий Зюганов еліміздегі орыстілді азаматтарды ұлтшылдардан қорғау керегін алға тартқан. Ол бұл туралы 20 қаңтарда айтқан. Бірақ арада бір айдан артық уақыт өткен соң оның мәлімдемесі ел ішінде тарады.