“Мені білмей қалады деп ойладың ба”: Күйеу жігіт жездесімен көңілдес болған қалыңдығынан той үстінде кек алды
Қытайда күйеу жігіт той үстінде қалыңдығынан аяусыз кек алды. Ол қалыңдығының жездесімен көңілдес болып, түн өткізгенін білдірмей видеоға түсіріп алып, той күні барлық қонақтарға көрсеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі dailystar порталына сілтеме жасап.
Жігіт қалыңдығының өзінің көзіне шөп салып жүргенін білсе де, қалыңдығынан кек алу үшін тойға дейін үндемеген. Кейін салтанатты рәсім кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт балалық шақтарындағы естелік видеоларды тамашалаймыз деп барлық қонақтарымен, туыстарымен бейнежазбаны қосқан. Екеуі сахнаға шығып үлкен экранға назар аударады.
“Мені білмей қалады деп ойладың ба”, – деп жігіт қалыңдыққа айғайлап, ол жердегі ұятты көріністен соң, қалыңдықтың кеудесінен итеріп жіберген. Ал ұятқа қалған қалыңдық жігітке қолындағы гүлін лақтырады.
Бұл оқиғаның видеосы ТикТок желісінде тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті.
Кейбірі күйеу жігіттің бұл әрекетін құптамай, қандай жағдайда да қыздың абыройын туыстарының алдында төккенін дұрыс емес деп тапса, кейбірі керісінше жақсы сабақ бергенін жазып пікір қалдырған.