Адамға шапқан қасқырдан құтырма ауруы анықталды
Өткен аптада Қарқаралының үш тұрғынына шабуыл жасаған қасқырдан құтырма ауруы табылды. Бүгіннен бастап ауданда бір айға бірқатар шектеу енгізіліп жатыр, деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарқаралы ауданының әкімдігі үш әйелге шабуыл жасаған қасқырдан құтыру ауруы ресми түрде анықталғанын хабарлады. Жануар жойылғаннан кейін оның материалдары зертханаға сараптамаға жіберілген. Жануардан қауіпті ауру фактісі расталған. Сондықтан Қарқаралыда мал, сондай-ақ үй мысықтары мен иттері егіледі. Сонымен қатар ауданда басқа да шектеулер енгізіліп жатыр екен.
Шектеулер шамамен бір айға енгізіледі. Еске салайық, 21 желтоқсанда Қарқаралыда үш адамға қасқыр шапқан. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері ауруханаға үш адам жүгінгенін айтты. Ем алғаннан кейін барлық пациент құтыруға қарсы препараттар енгізілген, олар амбулаториялық емдеуге жіберілген. Сол күні адамдарға шабуыл жасаған қасқыр өлтірілді.