1,3 млрд теңге: Жарнамаға ел қаржысын уыстап шашатын “Қазақтелекомға” "сот" жоқ па?
286
Желіде “Қазақтелекомның” еншілес ұйымы Kcell-дің жарнамасына 1,3 млрд теңге бөлінетіні жайлы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жылдың басында “Қазақтелеком” өз жарнамасына 1 млрд 200 мың теңгеден астам қаржы жұмсамақ болып, тендер жариялаған еді. Шу көтерілгесін, тендерді тоқтатқан.
Алайда араға жарты жыл уақыт салып “Қазақтелеком” 1 миллиард 294 миллион 338 мың теңгенің тендерін өзінің еншілес ұйымы Kcell арқылы жариялап отыр. 1,3 млрд теңге дегеніміз –қалтасына түскен әр тиыннан қазынаға салық төлейтін қазақстандықтардың қаржысы.
Forbes мәліметінше, “Қазақтелеком” 2018 жылы Kcell-дің 75% акциясын 615 млн долларға сатып алған. Елдің ақшасына. Енді сол Kcell өнімін жарнамалау үшін тағы 1.3 миллиард теңге бөлмекші.

“Жарнамаға бөлген қаржыға елге көрсеткен қызметтеріңіздің сапасын неге арттырмасқа? Қаладан шыға қалсаң, Kcell байланысы зып береді. Ауыл-ауылға байланыс пен интернет тартпайсыздар ма одан да? Байланыстың бағасын түсірсеңіздер, қолданушы жарнамасыз да артар еді ғой. Және ең маңыздысы, Kcell-ге 1,3 млрд теңгеге жарнама жасамақ болып отырған “Қазақтелеком” кіммен бәсекелеспекші? Forbes жариялаған мәлімет бойынша, Tele2 мен ALTEL 4G Қазақтелекомның өзіне қарайды. Жазда, шіліңгір шілдеде тендер жариялап, ешкім байқамай қалады деген ой болды ма әлде?”, – деп жазды журналист Мейрамгүл Мәдәлі Facebook-те.