Елімізде мәйіттерді кремация жасау арқылы жерлеудің тәртібі жарияланды
Елімізде мәйіттерді кремация жасау арқылы жерлеудің тәртібі анықталды. Қайтыс болған адамның денесін өртегеннен кейін күлі арнайы құтыға салынып, колумбарияда сақталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Информбюро арнасына сілтеме жасап.
Колумбариялар үшін арнайы жер учаскесі бөлінеді. Ал қолданыстағы мазарлар сол күйі қала береді.
Марқұмның күлін сақтаудың екі түрі қарастырылған. Біріншісі, ашық аспан астында. Яғни, ұяшығы бар арнайы қабырғалар тұрғызылып, құтыларды орнастырады. Екіншісі, күл салынған құты жабық ғимараттың ішінде сақталады. Сонымен қатар әрбір күлі бар құтының сыртына марқұмның тегі, аты, әкесінің аты және кремацияның тіркеу нөмірі жазылады.
Ұлттық экономика министрлігі крематорилердің қызметін реттеп, жұмысын қамтамасыз етуді көздейтін бұйрық жобасын жариялады.
Құжатта жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау қағидаларына бірнеше өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Бұйрық жобасына көз жүгіртсек, жерлеу мен зираттарды күтіп ұстаудың үлгілік қағидаларына қосымша бес ұғым енгізілмек.
- "Колумбарий – кремацияланған мәйіттің күлі бар урналар қоймасы;
- Колумбарияның мемориальды тақтасы – қайтыс болғанның аты, тегі мен әкесінің аты, туған күні мен қайтыс болған күні көрсетілген колумбарияның қуысын жауып тұратын тақта;
- Колумбар тауашасы – колумбар құрылымындағы тереңдетілген ұяшық. Оған қайтыс болған адамның күлімен қоқыс жәшігі орнатылады;
- Күл – кремациядан кейін қайтыс болған адамның денесінің қалдықтары.
- Жерлеу урнасы – қайтыс болған адамның күлін сақтауға, тасымалдауға және көмуге арналған ыдыс.
Бұйрық жобасы бойынша, колумбариялар арналған жер учаскелері дәстүрлі зират аумақтарынан тыс жерде орналасуы керек.