Жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды

1 515

Фото: Riko_loebЖамбыл облысындағы "Аса–Ақкөл" автожолында адам өмірін қиған жол апаты болды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Van Hool маркалы автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы оқиға орнында қаза болған, ал жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Басқа зардап шеккендер жоқ", - дейді поиция.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Жамбыл облысы полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты азаматтарды мүмкіндігінше алыс сапардан уақытша бас тартып, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға шақырды. Сондай-ақ жолда қауіпсіз арақашықтықты ұстап, жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.