Әке ізін жалғаған-Үздік қызметкер
Қашанда ел тыныштығын, бейбіт адамдар өмірін қорғау жолында ерлік көрсеткен ішкі істер саласының тарихында да жастарға үлгі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау қызметкерінің жұмысын оңай деп есептейтіндер қәтелеседі. Себебі; құқық қорғау қызметкерінің басты ұстанымы өз ар-ожданының алдында таза болу. Қандай қиындықтар, кедергілер болса да шыдау. Ал, бұл кез-келгеннің қолынан келе бермейтін іс.
Құқық қорғау қызметкері халықтың қорғаны. Оның міндеті заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан әр тәртіпке шақырушы тұлғаның бойынан тек адалдық пен кәсібеилік шеберлік болуы шарт. Сонымен қатар, білімді, білікті, бірді ғана емес, мыңды жығар білекті де болуы тиіс. Отанын сүйген адам ғана ел мүддесін бәрінен биік қояды. Ал, жас маман осындай тұлғаларды тануға тиісті.
Құқық қорғау саласында ерекше кәсібейлік шеберлігімен жауапкершілігін ұштастыра білген, қызмет барысындажоғары нәтижелерге қол жеткізген , қоғам алдында міндеттерін адал атқарған қызметкер Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті режим және қадағалау тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет майоры Сайдильдинов Дастан Тұрарұлы . Ол 1988 жылдың сәуір айының 22 жұлдызында Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2009-2011 жылдар аралығында Повлодар заң колледжінде білім алып, лейтенант шенімен офицер дәрежесіне көтерілген.
2012-2015 жылдар арасында Қызылорда гумманитарлық Ақмешіт институтында «Құқықтану» пәні бойынша білімін жетілдіреді.
Әкесі:Сайдильдинов Тұрар Темірманұлы құқық қорғау жүйесінде қызмет атқарған үлгілі әке, үлгілі ата, әрі ардагер. Қазақта , әке -ұрпағына үлгі болып, ұл-қызын тәрбиелеген.« Бір әкенің тәрбиесін, 100 мектепте бере алмайды», деген мақалға сүйене келе, Дастанның әке жолын қуып, құқық қорғау саласының қызметкері болуына отбасындағы тәрбие ықпал етсе керек. Дастанның бойында нағыз ер азаматқа лайықты ер мінезділігі, қызметіне деген адалдығы, жауапкершілігі, еңбекқорлығы мен батылдығы әке мектебі жемісінің көрінісі. Отбасында Ерғалиева Айгерім Оразбекқызының сүйікті жары, көп балалы үлгілі әке.
Сонымен қатар отбасында ағасы Сайдильдинов Рустем Тұрарұлы Қызылорда облысы бойынша Полиция департаментінде қызмет атқарады.
Сайдильдинов Дастан Тұрарұлының алғашқы еңбек жолы 2011 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті Байқоңыр қалалық пробация қызметінің инспекторы болып қызмет атқаруымен басталып, осы салада әр түрлі бөлімдерде қызмет атқарып, өзінің сауаттылығының арқасында қызметі жоғарылады.
Әділет майоры Д.Сайдильдинов осы қызмет барысында 2024 жылдың қыркүйек айының өзінде ақ үлкен қылмыстың алдын алып, қылмыстарды ашуға септігін тигізді.
Әділет майоры Сайдильднов Дастан Тұрарұлы жаста болса, бас болып ізінен ерген қызметтес інілерін бір ауыздан темірдей тәртіпке үйретіп жүрген өз қызметінің нағыз маманы, қас шебері десек кәтелеспейміз. Оның қызметіне деген адалдығы ,бөлімдегі түрлі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласатындығы. Бұл да үздік құқық қорғау саласы қызметкерінің бір қыры. Қәзіргі таңда оның еңбегі елеусіз қалмай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығы тарапынан төс белгілер мен алғыс хаттармен марапаталды.