Облыстық мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды
Ақтөбе облысында мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Ақтөбе облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне ақшалай қаражатты төлеудің бұзылуы туралы ақпарат келіп түскен.
“Осы факті бойынша аудиторлық тексеру жүргізілді, нәтижесінде Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды. 6 маусым Ақтөбе облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған лауазымды тұлғалар УҰИ-ға қамалды. Тергеу жалғасуда”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық істі тергеу аясындағы өзге де ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.