№4 емхана директоры қамауға алынды

1 918

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметі Атырау қаласындағы №4 емхананың директоры бюджеттің ірі мөлшердегі қаржысын ұрлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынғанын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Атырау қалалық №4 емхананың директоры бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікпен ұсталды. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - делінген хабарламада.


Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбады.

«ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - деді баспасөз қызметінен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.