Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны өзгенің банк картасынан сауда жасап, әйеліне гүл де алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жоғалған банк картасынан 400 мың теңгеден астам сомаға сауда жасаған күдіктінің кім екенін анықтады.
Ал 33 жастағы тұрғын Ақсай қаласында картаны тауып, түрлі сауда жасаған, соның ішінде азық-түлік, алкоголь, тіпті әйеліне гүл шоғын да сатып алған.
Полиция күдіктіні анықтап, оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сақшылар азаматтарға мұқият және сақ болуды ескертеді. Банк карталары сияқты жеке заттар жоғалған жағдайда, бұл жайлы банкке дереу хабарлап, картаны бұғаттау қажет. Ол бөгде адамдардың картаны теріс мүдде үшін пайдалануына жол бермеу үшін керек.