Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды

1 340

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comБатыс Қазақстан облысының тұрғыны өзгенің банк картасынан сауда жасап, әйеліне гүл де алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жоғалған банк картасынан 400 мың теңгеден астам сомаға сауда жасаған күдіктінің кім екенін анықтады.


Жәбірленуші әйелдің картасын жоғалтып алғаны және бұл туралы білмегені анықталды. Ол картаны ұзақ уақыт пайдаланбағандықтан, банк қосымшасын қолданып жүрген әрі жоғалғаннан кейін бір айдан соң ақшаның жетіспейтінін байқаған, – делінген ақпаратта.

Ал 33 жастағы тұрғын Ақсай қаласында картаны тауып, түрлі сауда жасаған, соның ішінде азық-түлік, алкоголь, тіпті әйеліне гүл шоғын да сатып алған.

Полиция күдіктіні анықтап, оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сақшылар азаматтарға мұқият және сақ болуды ескертеді. Банк карталары сияқты жеке заттар жоғалған жағдайда, бұл жайлы банкке дереу хабарлап, картаны бұғаттау қажет. Ол бөгде адамдардың картаны теріс мүдде үшін пайдалануына жол бермеу үшін керек.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.