Аты аңызға айналған актер: Джеки Чан Алматыға келді

1 512

Фото:  Коллаж Opennews.kzӘлеуметтік желілерде әлемге әйгілі актер Джеки Чанның Алматыға келгені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

71 жастағы актердің келгені ресми расталған жоқ. Алайда жарияланған бейнежазбалар оның Қазақстанда екенін меңзейді. Алдын ала деректерге сәйкес, ол бір фильмнің түсіріліміне қатысуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда Джеки Чан мен америкалық продюсерлердің қатысуымен бірқатар халықаралық киножобалар жүзеге асырылып жатқаны хабарланған еді. Бұл туралы Үкімет отырысында Salem Entertainment цифрлық медиа компаниясының бас директоры Игорь Цай айтты.

– Биыл Джеки Чан, америкалық «Оскар» иегері продюсерлермен бірлескен продюсерлік жоба іске қосылды, сондай-ақ жасанды интеллект технологиясына негізделген контент жасау бойынша Тимур Бекмамбетовпен бірегей жоба қолға алынды, – деді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.