Жол апатынан 3 адам көз жұмды

260

Қызылорда облысында ірі жол апатынан үш адам қаза тауып, сегіз адам ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Шиелі ауданында болған. Ауыл арасындағы жолда қос көлік қатты жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы келіп соққан. Кесірінен үш азамат көз жұмды. Қазір ірі жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.


"Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр," деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.