Жалағашта 33 жоба іске асырылмақ
1 094
Яғни, 2023 жылғы аудан бюджеті 8 млрд 755 млн теңге көлемінде бекітіліп, бүгінгі күні бекітілген бюджетпен салыстырғанда 1 млрд. 10 млн. теңгеге артқанын жеткізді.
Сондай-ақ, биылғы жылғы бекітілген аудан бюджетінде 25 жобаны іске асыруға барлығы 3 млрд. 160 млн. теңге қаржы бөлінген болса, Республикалық және облыстық бюджеттің нақтылауымен 4 млрд 177 млн 800 мың теңгеге жетіп, аудан бойынша 33 жобаны іске асыруға бағытталды.
Нәтижесінде биылғы жылы: 4 елді мекенде 16 көшені және 3 аудандық маңызы бар жолды толықтай жөндеуден өткізіледі; Жаңаталап, Қаракеткен елді мекендерінде 5 техникалық су ұңғымасы қазылады; Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі халық игілігіне пайдалануға беріледі; Ақтерек учаскесі су, электр және газ желілерімен толықтай қамтамасыз етіледі; «Наркескен» спорт клубы мен аудандық кітапхана ғимараттары қазандықтарын газға қосып, Ақсу және М.Шәменов елді мекендерін газдандыру жұмыстары басталады; Аққұм және Мәдениет елді мекендері ауыз су желісімен толықтай қамтылады; Жалағаш кентінде тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған 50 отбасына жаңа баспана кілті табысталады; Мақпалкөл, Далдабай, Жаңақоныс елді мекендеріндегі балалар ойын алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Жаңадарияда жаңа ойын алаңы бой көтереді; Мақпалкөл ауылында 1 көшеге тас төселіп, Т.Жүргенов атындағы саябақ абаттандырылады; Есет батыр және Мырзабай ахун елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі; Аудан бюджеті есебінен Жалағаш кентінің көшелеріне 3 бағдаршам орнатылып, Аққұм елді мекенінің даму сызбасына түзету енгізуге жоба-сметалық құжаттар әзірленеді.
Аудандық мәслихаттың кезекті 2-сессия отырысына Жалағаш ауданынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Әмірбек Шаймағамбетов қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістерге сәттілік тіледі.
Тағы да оқыңыздар
АҚЖОЛТАЙ ЖАҢАЛЫҚ
1 536