Алаңға қойылған ерекше шырша жұрт ашуын туғызды

327
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы жаңа жылдық шырша халықтың ашуын тудырды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Ұсқынсыз шыршаның фотосын белгілі журналист Мақсат Толықбай өзінің
Instagram парақшасында жариялады. Онда олпы-солпы тұрған жаңажылдық ағаштың нашар сәнделгенін көруге болады. Журналист "мұндай "кереметті" орнату үшін әкімдік қанша ақша бөлді?" деп желідегі оқырмандарына сауал тастаған.

Оның айтуынша, әкімдік шыршаны жергілікті тұрғынның өтініші бойынша ауласынан қазып алып, пайдаға асыруды көздепті.

"Аудан әкімдігінің мәліметінше, алдағы уақытта басқа шырша қойылады. Бұл үшін бюджеттен қаржы қарастырылған. Сыннан кейін шыршаны алып, ертең жаңасын орнатуға уәде берді. Біздің елде комедия түсіру үшін, идея мен сценарий іздеп қажет емес. Тек әлеуметтік желіні бір сүзіп шықсаң жеткілікті", — деп жазды Мақсат Толықбай.