Әйел мұғалім 54 жасында 100 келі зілтемір көтеріп, рекорд орнатты

1 399

Фото: Астана қаласының білім басқармасыМысыр Республикасының Каир қаласында өткен пауэрлифтингтен ашық әлем чемпионатында Қазақстанның еңбең сіңірген бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанова рекорд орнатып, екі алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қалалық білім беру басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Айгүл Ержанова бұл спортқа 52 жасында келген. Қазір жасы 54-те.

Жиырмаға тарта мемлекеттің өкілдері қатысқан жарыста Айгүл Ержанова 100 кг зілтемір көтеріп, екі алтын медаль иеленді.

«Қазақстан бұл жарысқа бірінші рет қатысып отырғандықтан, көбі мені басында Қытайдан келген спортшы деп ойлап қалды Алайда, рекорд орнатып, Қазақстаннан келген мұғалім екенімді білгенде, бәрі қошемет көрсетті», - дейді Айгүл Ержанованың өзі.

Айта кетейік, Айгүл Ержанова Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.