Заңсыз вейп сатумен айналысқан ер адам ұсталды

1 512

Фото: ©polisia.kzШымкентте полиция қызметкерлері электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сатқан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.kazlenta.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті тыйым салынған өнімді мессенджер арқылы сатуды ұйымдастырған. Ол жарнамалар жариялап, тапсырыстар қабылдап, тауарды тұтынушыларға жеткізіп отырған. Осылайша, ол заңсыз өнімді тұрақты түрде өткізіп келген.

Тексеру барысында күдіктінің тұрғылықты жерінен сатуға дайындалған 41 дана вейп табылып, тәркіленген. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, вейптердің заңсыз айналымының қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қоғамға қауіп төндіретін осындай әрекеттерді анықтауға және хабарлауға әрбір азамат жауапты екенін атап өткен

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.