Қарағандыда ер адам жаңа танысқан әйелдің көлігін ұрлап кетті

364
Қарағандыда ер адам жаңа танысқан әйелдің көлігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

28 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Жәбірленушіге тиесілі көпқабатты үйдің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 300 мың теңгені құрады.

Анықталғандай, бір күн бұрын жәбірленуші әйел бір ер адаммен танысқан. Ер адам әйелдің көлігінің кілтін алып, сыртқа шығып көлікті алып кетеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

31 тамызда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.