Қымбатшылық қысқан заман
869
Облыс бойынша азық-түлік бағасы өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ға өскен деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда нарық бағасы қара халықтың қалтасын үңірейтуін қояр емес. Арнайы бақылайтын мекемелер бағаның шарықтап кеткендігінен де хабардар. Десек те, қолдан келер қайран жоқтың кейіпінде отыр. Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті Баға статистикасы басқармасының берген мәліметі. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің ішінде тауардың 19 түрінің бағасы өткен апта мен ай басынан бері 99,8%-ға өскен. Ал бұл баға жыл басынан бері 109,7%-ды құрайды.
Азық-түлік бағасын 2021 жылдың тамыз айымен өткен жылдың желтоқсан айларын салыстырғанда сәбіз-2 есеге, басты пияз- 37,6%, картопқа- 33%, өсімдік майына -30,4%, жармаларға - 20,2%, макарон өнімдеріне - 13,6%, темекі өнімдері – 13,1%, қантқа – 11,8%, ұнға-10,5%, жаңа жиналған жемістерге – 9%, етке - 7,8%, балық және теңіз өнімдеріне -7,7%, жаңа жиналған көкөністерге -7,3%-ға өскен. Ал, бағаның төмендеуі жұмыртқаға - 22,3% күрішке – 4,8%- ға тіркелген.
Сонымен қатар азық-түлік емес тауарлар тобында баға өсімі (баллондағы) сұйытылған газға-28,5%, бензинге -13,8%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдар-6,4%, оның ішінде сулы эмульсиялық сырлар-11%, цемент бағасы-8,3%, винильді обойлар бағасы- 7,1%, жихаздар мен үйге қажетті бұйымдарға – 5,6%, дизель отыны – 5,4%, жуатын және тазалайтын құралдарға – 3,3%-ға көтерілді.
Ол дегеніміз ұнның бағасы 10 килограмм 3800 теңге, өсімдік майы 4000 теңге, қызанақтың килограмы 350 теңге, қанттың килограмы 330 теңгеге қымбаттаған.
Азық-түлік бағасының көтерілуіне байланысты қала тұрғыны, базар сатушысы, Жібек Садықова айтуынша:
«Жалпы азық-түліктің бағасы 2 есеге өскен деп айта аламын. Мысалы мен өзім сатып тұрған 2500 теңгенің өсімдік майлары 4000 теңгеге өскен. 10 килограмм 2500 теңгенің ұны қазіргі кезде, 3800 теңгеден сатылып жатыр. Бізге тауарлар арнайы фирмалардан келеді мәселен, шәйді 820 теңгеге аламында, үстіне 80 теңге қосып, 900 теңгеге сатамын. Ал ұнның бағасына 200-300 теңгеден қосамын. Жалпы әр заттың бағасына әртүрлі баға қосылады. Бірақ 200-300 теңгеден аспайды, тек сол аралықтағы бағаны ғана қосамын. Негізінде қазіргі таңда халық тұтынатын барлық тауарлар қымбаттап жатыр. Бірінші зауыттан шығады, одан кейін фирмаға барады, содан соң бізге жөнелтіледі. Жалпы қазіргі тауарлар зауыттың өзінен қымбат бағаға өндіріледі де, арнайы фирмаға жеткеннен кейін баға қойылады. Ал біз оған баға қосып отырамыз».
Анығына келгенде, бағаның қымбаттауы қарапайым халықтың наразылығын тудырмауы мүмкін емес. Айлық табысы аз отбасылардың, көп балалы аналардың қалтасы бұндай соммаға шамалары келмесі анық. Дегенмен балалары аш қалмау үшін қолы жеткен азықты сатып алады. Жалпы айтқанда, азық-түлік бағасы жыл сайын қымбаттамаса, арзандар емес. Халықтың жан-айқайын естір құлақ болса қане? Мезелі мәселе оң шешімін тапса нұр үстіне нұр болары анық.
журналист,
Ғалия ЕРЖАНҚЫЗЫ