Оқушы қыз 17 күн бойы сабаққа бармағаны үшін әкесі айыппұл төледі

1 582

Фото: muftyat.kzМаңғыстау облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 17 күн бойы сабаққа себепсіз бармаған қыздың әкесіне қатысты әкімшілік істі қарап, оған айыппұл салды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот анықтағандай, 2009 жылы туған қыздың әкесі кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі ата-ананың міндеттерін орындамаған. Бұл әрекеті үшін бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Бірақ, жағдай бір жыл ішінде қайталанып, баласы 2024 жылғы 4 қараша – 7 желтоқсан аралығында 17 күн сабақтан себепсіз қалған. Сот отырысында азамат жасаған кінәсін мойындап, болған іске өкініш танытып, қазір қызын сабақтан қалдырмай жүргенін айтқан және жеңіл жаза сұраған», - деп хабарлайды сот.

Бұл әрекеті үшін азаматқа 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке дейін қамау көзделген.

«Сот 2025 жылдың 21 қаңтарында азаматты әкімшілік кодекстің 127-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған әкімшілік жаза ретінде 55 380  теңге көлемінде айыппұл салды», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.