Қазақстанда «сән-салтанат» салығы 2024 жылдан бастап салынады
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда сән-салтанат салығын енгізу мерзімін атады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы министрлігі басшысының айтуынша, сән-салтанат салығы жаңа Салық кодексіне енгізіледі.
«Сән-салтанат» деп аталатын салықты енгізу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында айтқан еді. Оның айтуынша, тұрақты экономикалық өсім нақты және болжамды салық саясатына тікелей байланысты, сондықтан 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады.
Қаз
Рус






