Фотоға түсемін деп өзенге батып кеткен 16 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

1 585

Фото: Түркістан облысы ТЖДТүркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары 16 жастағы қызды іздеп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Департамент мәліметінше, 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші пультіне "Сайрам-Өгем" аумағына Қасқасу ауылынан 15 шақырым қашықта, Сайрам-су таулы өзенінде сағат 10:00-де қыз суға батып кеткені туралы ақпарат түскен. Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлап кеткен.


Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техникасы, Түркістан облысы ПД 6 қызметкері және 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.


"Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады", - деп жазылған хабарламада.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.