Қызылордада ұлын әскерге шақыртудан босатпақ болған әйел 550 мың теңге беріп алданып қалды
Қызылорда облысында ұлын әскерге шақыртудан босатпақ болған әйел алаяққа 550 мың теңге беріп алданып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алаяқтық туралы іс Арал аудандық сотында қаралды.
Дегенмен жәбірленуші кейін сотқа қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішпен жүгінді. Ол өзінің сотталушымен татуласып, ақшасын өнідіріп алғанын айтқан.
Қарастырылып отырған қылмыстық әрекет ауырлығы төмен санатқа жатады. Сондықтан сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Қаз
Рус






