Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті

282
Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде 14 және 4 жастағы екі баланы көлік қағып кетті, - деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 1 наурызда таңғы сағат 7.45-те Жүсіп пен Торайғыров көшелерінің қиылысында болған. Көлікті әйел жүргізіп келе жатқан. 

"Hyundai Accent көлігінің 33 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамай, жаяу жүргіншілер өткелінде келе жатқан 2007 және 2017 жылы туған жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған балалар ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облысының полиция өкілі.


Ведомство мәліметінше, көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған. Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.