1 қыркүйек демалыс күнінен түскеніне орай мұғалімдерге қосымша ақы төленеді

1 140

Фото: bilim.akipress.Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйек демалыс күнінен түскеніне орай барлық мектеп мұғалімдеріне қосымша ақы төленетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Министрліктің мәліметінше, педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақытының есебін жүргізуге міндетті.


"Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді. 2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп партасына отырады. Олар үшін 1 қыркүйекте "Мектебім – мейірім мекені" тақырыбында салтанатты шара өтеді.  2 қыркүйекте – жаңа оқу жылының бірінші күні  – "Менің Отаным – Қазақстан" тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады", – делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар министрлік,

"Демалыс және мереке күндері жұмыс істеген қызметкердің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі немесе қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі бойынша кемінде екі есе мөлшерде ақы төленеді (ЕК)", – деді министрліктің баспасөз қызметі.