Жантүршігерлік апат: 2 адам қаза, 8 адам ауруханада
Астана - Петропавл тасжолының 97-шақырымында жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты, тағы сегіз адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасы 10 тамызда болды. Ақмола облыстық Полиция департаменті мәліметінше, тасжолда Mercedes-Benz Sprinter мен ГАЗ-53 көліктері соқтығысқан. Апат салдары видеоға түсірілді.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz Sprinter автокөлігінің екі жолаушысы қаза тапты, осы көліктің тағы жеті жолаушысы мен ГАЗ-53 автокөлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады полициядағылар.
Баспасөз қызметі мәліметінше, Mercedes-Benz жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.







