Жантүршігерлік апат: 2 адам қаза, 8 адам ауруханада

1 526

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото; Видеодан скринАстана - Петропавл тасжолының 97-шақырымында жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты, тағы сегіз адам түрлі дәрежедегі жарақат алды,  -  деп  хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы 10 тамызда болды. Ақмола облыстық Полиция департаменті мәліметінше, тасжолда Mercedes-Benz Sprinter мен ГАЗ-53 көліктері соқтығысқан. Апат салдары видеоға түсірілді.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz Sprinter автокөлігінің екі жолаушысы қаза тапты, осы көліктің тағы жеті жолаушысы мен ГАЗ-53 автокөлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады полициядағылар.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Mercedes-Benz жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.