Ұтыс ұйымдастырған блогерлерге әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін

2 440

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/zhanabylov_eЕрлі-зайыпты блогерлер Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанәбілов 30 мың теңге тұратын курсты сатып алғандарға он көлік сыйлаймыз деп уәде еткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол курста олар онлайн-сервистер арқылы тауарларды тапсырыс беруді үйретеміз деп мәлімдеген.

Құмар ойындар мен лотереяларды реттеу комитеті тексерісті бастады. Жанәбіловке түсініктеме беру қажеттігі туралы хабарлама жіберілген. Егер ол мұны орындамаса, оған ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалады. Бұл бапқа сәйкес, 100-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

«Түсініктеме болмаған жағдайда Комитет әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғайды... Егер ол шақыртуға келмесе, әкімшілік іс сырттай қаралады», – деп нақтылады Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінде.

Ведомство өкілдері заң бойынша лотереялар мен ұтыс ойындарын тек ресми операторлар ғана өткізе алатынын еске салды. Сондай-ақ күмәнді «гивтерге» қатысудың қауіпті екені ескертілді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.