Дәмханадағы газ жарылысы: кәсіп иесіне 5 жыл, кассирге 4 жыл жаза кесілді

1 504

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Stan.kzКентауда Жаңа жыл түні екі жастың өмірін қиған дәмханадағы газ баллонының жарылысына қатысты сот үкімі шықты. Қайғылы оқиғаға байланысты дәмхана иесі бес жылға, ал газ құю бекетінің 23 жастағы оператор-кассирі төрт жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Сот материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға Жаңа жыл түні қаланың орталығындағы дәмханалардың бірінде болған. Тамақтану орнында газ баллоны жарылып, салдарынан екі жас көз жұмды. Марқұмдар шаңырақ көтеруге дайындалып жүрген. Іс бойынша екі адам жауапқа тартылды. Олардың бірі – дәмхана иесі Ақжан Абдрасұлы. Ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Екіншісі – дәмханадағы газ баллонына газ құйып берген жанар-жағармай бекетінің оператор-кассирі. Оған газды пайдалану талаптарын бұзды деген айып тағылды.

Ақжан Абдрасұлы Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол үш жыл бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сот залында оның бұлтартпау шарасы өзгертіліп, үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау туралы шешім қабылданды.

Дәмхана иесі марқұмдардың ата-анасына 10 миллион теңгеден, жалпы 20 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Ал газ құю бекетінің 23 жастағы оператор-кассирі төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұмдардың туыстары оған кешірім бергенімен, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатпады.

"Баламды енді көре алмаймын"

Марқұмдардың бірі – Бақдәулет Мұсаның анасы Шолпан Ахметова сот шешіміне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, баласынан айырылудың қайғысы әлі де ауыр. Анасы сот үкімі басқа кәсіпкерлерге сабақ болып, олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді деп үміттенеді.

"Олар сотталғанымен, үйіне келеді ғой. Анасы көреді. Ал мен баламды көре алмаймын. Мәңгілікке кетті. Сондықтан дұрыс шешім шығарды деп ойлаймын. Өйткені басқа кәсіпкерлерге де сабақ болып, өрт қауіпсіздігі талаптарын жақсы орындаса деймін. Жақында бір жыл болады. Бұл жағдай болмағанда, қазір баламды үйлендіріп, қыз бен жігіт бақытты өмір сүріп отырар еді. Өте қиын. Әр сотқа келген сайын осы жағдайды есіме түсіру де өте ауыр", – деді ол.

Дәмханадағы жарылыс Жаңа жыл түні болған. Оқиға кезінде 18 жастағы Дана Сағынғалиқызы сол жерде көз жұмды. Ал денесінің 90 пайызын күйік шалған Бақдәулет Мұса сегіз күннен кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмдардың туыстары дәмханада қарапайым өрт сөндіру құралдары болмағанын айтқан еді. Олардың сөзінше, жалынды сөндіруге тырысқан тұрғындар амалсыздан қымыз пайдаланған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.