"Әр балаға кем дегенде 100 мың теңге": Қазақстанда мектеп формасының құны шарықтап тұр
Елімізде қазіргі таңда мектеп формасының құны 25-30% қымбаттап кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Елорда тұрғыны Сәмен Асхат – 3 баланың әкесі. Жылда 2 баланы мектепке дайындап жүрсе, биыл оған кенжесі қосылды, 1 сыныпқа барады.
Қымбатшылықты сатушылар да мойындайды. Тауарды Қырғыз, Қытай Туркиядан алдырамыз деген олар, отандық өндірістегі мектеп формаларының көтерме бағасының өзі қалтаға ауыр тиеді дейді.
Мектеп формасы былтырғымен салыстырғанда 25-30 процентке қымбаттаған. Қазір базарда белдемшенің құны 3,5 мың мен 8 мың теңге аралығында, ақ көйлек 3600 теңгеден 12 мың теңгеге дейін барады. Шалбардың арзаны 4 мыңға бағаланса, сапасы жақсысы 12 мыңнан асып жығылады. Қыздардың сарафан көйлектерінің сапалысы 22 мың теңге, ер балалардың үшеулік костюм-шалбары 25 мың теңге тұрады.
Оқу-ағарту министрілігі ата-ананың қалтасына ауыртпалық түсірмейміз деп барлық мектепке бірыңғай қою көк түсті мектеп формасын енгізбекші.
Ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылуда. Сатып алатын өндіруші мен сауда орталығын ата-аналар өздері таңдайды. Бұл әзірге тиісті мемлекеттік органдармен, ата-аналар қауымдастығымен талқылануда.