Пробация есебіндегі көпбалалы әке балық аулау жарысына қатысып жеңімпаз атанды

1 556

Фото: Қызылорда. ҚАЖД«Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Біз бір командамыз» атты отбасылық балық аулаудан сайысын өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сайыстың негізгі мақсаты; Әке мен бала арасындағы қарым – қатынасты жетілдіру, бір – біріне деген сенімділікті арттыру және бір команда болып жеңіске деген талпыныстарын арттыру болып табылады.

Сайыс нәтижесі бойынша «Ең алғашқы ауланған балық» , «Ең кішкентай балық» және «Ең үлкен балық» номинациялары бойынша жүлделі орындар берілді. Нәтижесінде, Қармақшы аудандық пробация есебінде тұрған “Қ “ есімді азамат“Ең үлкен балық” номинациясы бойынша жеңіске жетіп,  арнайы дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

Пробация есебіндегі азамат көп балалы әке. Ол отбасында жақсы әке, адал жар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.