Елорда әуежайында суық қару тапсыру үшін арнайы жәшік орнатылды

2 362


Фото: видеодан алынған скринКейінгі кездері жолаушылар арасында кастет, пышақ, таяқша және тағы басқа суық қаруды анықтау деректері жиілеген,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мұндай заттарды алып жүруі қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Бас прокуратура мәліметінше, соңғы 5 жылда осындай деректермен 92 адам сотталған.


«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Астана қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы мен Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр.

– Біз елорда әуежайының аумағында суық қаруды өз еркімен тапсыру үшін арнайы жәшік орнаттық. Қылмыстық кодекстің 287-бабының ескертпесіне сәйкес, суық қаруды өз еркімен тапсырған адам, егер әрекетінде өзге қылмыс белгілері болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Бүгінгі күнде жолаушылар суық қаруды өз еркімен тапсыруда. Осылайша, қылмыстық жазадан құтылу үшін суық қаруды тапсыруды ұсынамыз, - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.