Кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалған

1 306

Фото: видеодан кадрӘлеуметтік желіде қызды қатыгездікпен ұрып-соғу сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Видеода бір қыздың жекпе-жек тәсілдерін қолдана отырып, диванда отырған екінші қыздың бетінен қолмен, содан кейін аяқпен ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Бөлмеде тағы бірнеше қыз бар, олар болып жатқан жайтты бақылап, тек біреуі ашуға булыққан құрбысын тоқтатуға әрекет жасайды.

Одан кейін қыз зардап шегушіні жерге құлатып, тағы бірнеше соққы жасайды. Аталмыш видео Павлодарда түсірілгені белгілі болды. 

"Барлық қатысушылар анықталды, олар полиция бөліміне жеткізілді. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - деп мәлімдеді Павлодар облысының полиция департаменті.


Расталмаған мәліметтер бойынша, видеода жергілікті колледждердің бірінің кәмелетке толмаған студент қыздары түсірілгені айтылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.