Киік аулауға рұқсат етілетін мерзім белгіленді

1 512

Киік аулауға 1 қазан мен 15 қараша аралығында рұқсат етілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Құжат Ашық НҚА порталында қоғам талқылауына ұсынылды7


6 қазаннан бастап экология министрінің Қазақстанда киіктердің санын реттеу туралы бұйрығы күшіне енген еді. Министрліктің есебіне сәйкес, Қазақстандағы киіктер саны 2 миллионға жақындаған.


Ал биылғы төлді қосқанда 2 миллионнан да асып түскен болуы мүмкін. Осы себептен киіктердің оралдық популяциясын 20 пайызға, бетпақдалалық популяциясын 15 пайызға қысқартуға шешім қабылданды.

"Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, жыныс құрамы мен мекендеу ортасына қарамастан, киікті аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеу ұсынылды", - делінген құжат жобасында.


Айта кетейік, Қазақстанда аң аулау қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасы әзірленіп, онда жыл сайын киік аулауға рұқсат етілетін мерзім белгіленді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.