Қызылорда әкімдігі мемлекеттік қызметкерлерді газетке мәжбүрлеп жаздыруда ма?
2 186
Қызылорда қаласы әкімдігі жергілікті және республикалық басылымдарға жазылу үшін мемлекеттік қызметкерлерді мәжбүрлеп отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіге мемлекеттік қызметкерлердің бірі қала әкімдігі тарапынан «2022 жылдың І жарты жылдығына баспасөзге жазылу бөлінісі» атты түскен тапсырмасын жариялаған болатын.
Бүгінде мемлекеттік қызметкерлер басылымға мәжбүрлі түрде жазылатындығын бір емес, бірнеше рет қозғаған болатын. Жылдар бойы мәжбүрлі басылымға жазылып жүрген жандардың тізімінде мұғалімдер, медицина саласы, тәртіп сақшылары және де мемлекеттік қызметкерлер де бар. Солардың бірі -Гүлжан.
Ендігі қызық мекеме қызметкерінің санын 20 екендігін біле тұра, бір басылымға - 30 жазылым деп ұсынғандығы санаға сыйымсыз. Сонда бір қызметкерді дәл сол басылымды 2 мәрте алуға міндеттегені ме? Сонымен қатар бір басылым ғана емес, бір адам 4 басылымнан алу керектігін көрсеткен кестеге сүйенсек,
Қызылорда қаласының әкімдігі бойынша, 98 қызметкер үшін берілген газет саны – 318, орта есеппен бір адамға 3 газет тиесілі екен.
Қалалық Ішкі саясат бөлімінде адам саны 11 болса, газет саны 50. Орта есеппен бір адамға 4 газет.
Қалалық құрылыс бөлімі 15 қызметкерге 57 газет. Орта есеппен бір адамға 3 басылым.
Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі 28 адамға 102 газет. Орта есеппен бір адамға 3 газет.
Тасбөгет Әкімдігі 20 адамға 83 газет. Орта есеппен бір адамға 4 газет.
Ақсуат Ауылдық Округі 11 адамға 44 газет. Орта есеппен бір адамға 4 газеттен бұйырады екен.
Ең қызығы берілген тізім ішіндегі Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жазылуға тиесілі 20 қызметкер үшін 115 газет. Орта есеппен бір адамға 6 басылым. Тіпті бір басылымға екі мәрте жазылуға тиесілі екендігін берілген кесте ішінен аңғаруға болады.
Расында, басылымға жазылу мен бас тарту әрбір қызметкердің өз еркінде деп білсек. Әкімдіктің еншілеп берген, Ішкі саясаттың салып берген сара жолымен жүруге тура келіп тұр. Қызметкерлердің 6 ай сайын дабыл қағып, жазылудан бас тартып отырғандығын ескеріп, елемеген әкімдік қызметкерлердің бас тартуына да қарап отырған жоқ.
Алайда, дәл осы әкімдіктің бүгінгі күні басылым беттерін қадірлеп, міндетті жазылым еткенінен не пайда? Өздері әкімдіктің дәретханасына жол салып беріп отырса,
Дәл осы фотосурет әкімдік әжетханасында түсірілген. Сол мекеменің қызметкерінен келіп түскен болатын.
Ал, жергілікті билік басындағы атқа мінер азаматтарымыздың айтуы бойынша, басылымға жазылу үшін берілген ұсыныс екендігін жеткізуде.
Ал, Ішкі саясат бөлімінің басшысы ұсыныс деп таныса, қарамағындағы қызметкерлердің бірі бөлімнің бас маманының айтуынша,
Енді қалай жоққа шығарасыздар? Жазылған басылымның орны әкімдіктің әжетханасы болғаны ма? әріптестеріміздің еңбегін елеген биліктің сыйқы осы ма? Ендігі бір мәселе жазылған басылымның ақысын төлесе де, әлі күнге дейін бетін ашып, қолына ұстап көрмеген қызметкерлер де қанша ма? Олардың ішінде білім ордасының білікті мамандары да бар.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Ұзақ жылдар бойы орындаушы ретінде маған газеттерге жазылуға және қызметкерлерді жаздыруға тапсырма беріліп келді және берілді. Қазіргі уақытта тапсырма беруші қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов пен орындаушы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Парасат Жанабергенов. Жазылатын газеттердің саны мен газеттің құны көрсетілген прайс парақша электронды пошта арқылы және құжат айналымымен әр мекемеге жолданады. Маған да солай жолданған болатын. Бір мекемеде 20 қызметкер болса, соның ішінде бір басылымға 30 жазылым болу керектігі де көрсетіліп келді. Маған ұсынылған бөлініс орындалуы керек жоғарыдан келген тапсырма болып отыр» , - дейді Гүлжан.
Ендігі қызық мекеме қызметкерінің санын 20 екендігін біле тұра, бір басылымға - 30 жазылым деп ұсынғандығы санаға сыйымсыз. Сонда бір қызметкерді дәл сол басылымды 2 мәрте алуға міндеттегені ме? Сонымен қатар бір басылым ғана емес, бір адам 4 басылымнан алу керектігін көрсеткен кестеге сүйенсек,
Қызылорда қаласының әкімдігі бойынша, 98 қызметкер үшін берілген газет саны – 318, орта есеппен бір адамға 3 газет тиесілі екен.
Қалалық Ішкі саясат бөлімінде адам саны 11 болса, газет саны 50. Орта есеппен бір адамға 4 газет.
Қалалық құрылыс бөлімі 15 қызметкерге 57 газет. Орта есеппен бір адамға 3 басылым.
Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі 28 адамға 102 газет. Орта есеппен бір адамға 3 газет.
Тасбөгет Әкімдігі 20 адамға 83 газет. Орта есеппен бір адамға 4 газет.
Ақсуат Ауылдық Округі 11 адамға 44 газет. Орта есеппен бір адамға 4 газеттен бұйырады екен.
Ең қызығы берілген тізім ішіндегі Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жазылуға тиесілі 20 қызметкер үшін 115 газет. Орта есеппен бір адамға 6 басылым. Тіпті бір басылымға екі мәрте жазылуға тиесілі екендігін берілген кесте ішінен аңғаруға болады.
Расында, басылымға жазылу мен бас тарту әрбір қызметкердің өз еркінде деп білсек. Әкімдіктің еншілеп берген, Ішкі саясаттың салып берген сара жолымен жүруге тура келіп тұр. Қызметкерлердің 6 ай сайын дабыл қағып, жазылудан бас тартып отырғандығын ескеріп, елемеген әкімдік қызметкерлердің бас тартуына да қарап отырған жоқ.
Алайда, дәл осы әкімдіктің бүгінгі күні басылым беттерін қадірлеп, міндетті жазылым еткенінен не пайда? Өздері әкімдіктің дәретханасына жол салып беріп отырса,
Дәл осы фотосурет әкімдік әжетханасында түсірілген. Сол мекеменің қызметкерінен келіп түскен болатын.
Ал, жергілікті билік басындағы атқа мінер азаматтарымыздың айтуы бойынша, басылымға жазылу үшін берілген ұсыныс екендігін жеткізуде.
Бұл туралы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшы:
«Бізде мәжбүрлі жаздыру деген мәселе жоқ. Біз ұсыныс ретінде бергенбіз. Ал, берілген кесте бойынша айтарым ол да ұсыныс. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша, «Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің» тексеруі жүріп жатыр. Алдағы уақытта қорытындысын, яғни шешімін көреміз», - дейді Парасат Жаңабергенов.