Кәсіпкер заңсыз цех ашып, тартылған етке тұяқ қосқан
Елордалық полицейлер "Мал ұрлығы" жедел алдын алу шарасы барысында заңсыз ет өңдейтін зауытты анықтады. Зауыт антисанитарлық жағдайда жұмыс істеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Астанада тәртіп сақшылары 47 жастағы тұрғынның ет сату саласында заңсыз әрекеттер ұйымдастырғанын анықтады. Ол дайын өнім көлемін арттыру мақсатында шамамен бір тонна ірі қара малдың аяқтарын өңдеп, оларды тартылған етке қосқан.
Тәркіленген өнімдердің үлгілері сараптамаға жіберілді.
Жасырын өндірісті ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары ветеринарлық тексеруден өтпеген ет өнімдерінің тек қылмыстық тегі ғана емес, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салды.