Өскемен тұрғыны аю атқаны үшін ұсталды

388
Шығыс Қазақстанда ер адам заңсыз түрде аю аулаған- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД мәліметінше, 6 қарашада Өскеменнің 51 жастағы тұрғыны ұсталды.

“Тарханка ауылының жанындағы ер адам аюды атып өлтірген. Етті өзіне қалдырған күдікті аюдың табанын сатып жібермек болған", – дейді полицияда.

ПД басшысы Сағат Мәдиев аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы "Заңсыз аңшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

“Келтірілген залалдың сомасы белгіленеді. Осы баптың санкциясымен үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған, – деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.