Атырауда еңбек инспекторы 1,5 млн теңге пара алған

331

Коллаж: КткАтырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы Мират Байменов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мират Байменов өндірістегі жазатайым оқиғаға қатысты тексеру фактісі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін, ЖШС өкілінен 1 млн 500 мың теңге көлемінде пара алған. 

«Атырау қаласының №2 сот үкімімен Байменов мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,- делінген Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.