Үкімет шегірткемен күресу үшін биыл 7 млрд теңге бөледі

1 367

Фото: Ulysmedia.kzҮкімет шегірткемен күресу үшін биыл 7 млрд теңге бөледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы сенат кулуарында вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, 

Былтырғы мәселелерді есепке алып, 7 млрд теңге қаражат дайындадық.  Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды. Қосымша қаражат қарап жатырмыз. Былтырғыдай болмайды, химиялық реагенттер сатып алынды, техника дайын, -деді Жұманғарин. 

Оның айтуынша, билік көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артқан. Осы мақсатқа былтыр 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы – 700 млрд теңге. Көктемге дейін өткен жылғы 195 млрд теңге көлеміндегі қарыздарды жабу мүмкіндігі бар деген болжам бар. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.