Үкімет шегірткемен күресу үшін биыл 7 млрд теңге бөледі
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Үкімет шегірткемен күресу үшін биыл 7 млрд теңге бөледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы сенат кулуарында вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты,
Оның айтуынша, билік көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артқан. Осы мақсатқа былтыр 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы – 700 млрд теңге. Көктемге дейін өткен жылғы 195 млрд теңге көлеміндегі қарыздарды жабу мүмкіндігі бар деген болжам бар.
Қаз
Рус






