Қираған үйдің үйіндісінен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылған

1 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Видеодан скринАбай облысында үйінді астынан ерлі-зайыптының денесі табылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Курчатов қаласында ерлі-зайыптының үйінді астында қалып қойған, оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған. 14-ші наурыз күні құрылысы жүріп жатқан дәмхананың қабырғасының бір бөлігі опырылып түскен. 

“Құрылысы жүріп жатқан “Арбат” кафесінің қабырғасының бір бөлігі құлады. Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына келіп, қирандылар астынан екі адамның денесін шығарған кезде де дәмханада музыка ойнап тұрған. Адамдарың қаза тапқанынан қарамастан іс-шара тоқтамаған. Абай өңірінің тұрғындары мұны арсыздық деп атады”, – делінген хабарламада.

Абай облысының полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікір білдірген. 

“Қазір құрылыс жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады ведомство.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.