Оралда 2 миллион долларға салынған мұз алаңы жарамсыз болып шықты

257

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Оралда 2 миллион долларға салынған мұз алаңы жарамсыз болып шықты, - деп хабарлайды Elitar.kz.

Басылымның мәліметінше, алаңның мұзын ерітпей, қатырып тұратын тоңазытқыштың сапасы нашар. Бұл жасанды мұз алаңын 2 миллион долларға салып берген компания жіңішке кабель жүргізген.

Бұл іске жауапты кәсіпкер 1,5 миллиард теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін істі болып, түрмеде отыр. 

"Негізі тоңазытқыштың үшеуі де жұмыс істеп тұр. Кәдімгі кондиционерге фреон құятынындай, бұларға да мұз қатыратын түрлі химиялық қоспа құю керек. Алайда, кабельді іске қосуға қорқып отырмыз, өйткені кезінде мердігер кабельді жаңасына ауыстырдық деп сендірген, бірақ олар өртенген кабельдің орнына дәл сондай сым жүргізген. Сондықтан биылғы маусымда тоңазытқыштарды кезек-кезек қосып амалдап шықтық, - дейді БҚО Жоғары спорттық шеберлік мектебінің директоры Асхат Шайхиев.


Мұз айдынының құрылысына БҚО-дағы Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан шетелдік компания 2 миллион доллар инвестиция құйған. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.