Алматыда екі бала қаза тапты: Сағынтаев полицияға тапсырма берді

540
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. "Наурызбай ауданында 3 пен 5 жастағы балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым болған оқиға. Полиция департаментіне мән-жайды анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдайды жеке бақылауыма алдым", - деді оңтүстік астананың басшысы. Еске салайық, Алматы маңындағы Райымбек ауылында екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Тағы төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол апатына қатысты пікір білдірген Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Karina мен Lada 2107 көліктері соқтығысқан. Салдарынан 8 адам зардап шегіп, олардың төртеуі көз жұмған. 

"Алдын ала болжам бойынша Toyota Karina автокөлігінің жүргізушісі Сүйінбай көшесімен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada 2107 көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында Lada 2107 көлігінде отырған 21 жастағы жолаушы қаза тапқан. Тағы үш адам – Lada 2107 көлігінің 61 жастағы жүргізушісі мен Toyota Karina-ның екі жолаушысы Қаскелең ауруханасына жеткізілген кезде қайтыс болған. Сондай-ақ, тағы төрт жолаушы түрлі дене жарақатын алған", – дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.