Тұрмысқа шықтыңыз ба? Жүргізуші куәлігін ауыстыруды ұмытпаңыз
1 500
Қазақстанда тұрмысқа шығып, тегін өзгерткен әйелдер жүргізуші куәлігін ауыстыруы қажет, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Егер жүргізуші куәлігінде бұрынғы тегіңіз көрсетілсе, құжаттағы мәліметтер жеке куәліктегі деректермен сәйкес болуы үшін оны жаңарту қажет.
Жүргізуші куәлігін арнайы ХҚКО-да немесе электронды үкімет порталы арқылы онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін жеке куәлік пен қолданыстағы жүргізуші куәлігі қажет. Сонымен қатар мемлекеттік баж төленеді.
Қаз
Рус






